Алматыда А/H1N1 тұмауының алғашқы оқиғасы тіркелді

АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы.  ҚазАқпарат /Лидия Кошутская/ -   Алматыда А/H1N1   тұмауымен  ауырудың  бірінші  оқиғасы  тіркелді.  Бұл   ақпаратты     Алматы  қаласы  денсаулық сақтау  департаменті  директорының  орынбасары Айзат  Молдағасимова 

Алматыда А/H1N1 тұмауының    алғашқы  оқиғасы  тіркелді

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында    растады.

Республикада А/H1N1  тұмауының    алғашқы  оқиғалары Астанада  тіркелген болатын.   Ұлыбританиядан   оқып  келген алты бала ауырғанын  ҚазАқпарат  бұдан бұрын хабарлаған болатын.  

Қазақстан  бойынша    қазіргі уақытта   доңыз тұмауының  13  оқиғасы тіркеліп  отыр.   Осы уақытқа дейін аталған тұмау анықталған  сегіз  адам карантиннен алынды.