Алматыда Абай даңғылы бойымен мерекелік цирк кавалькадасы жүріп өтті (ФОТО)
Шеруге «Номад» ат-акробатикалық тобы, үйретілген арыстан, жонглерлер, сайқымазақтар және цирк балеті қатысты.
«Бұл шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналады. Осыған орай, Қазақ мемлекеттік циркі өзінің мерекелік кавалькадасын бастайды. Оған Мысырдан жеткізілген 12 арыстан қатысады. Біз қазір «12 арыстан және Мысыр ханзадасы» көрсетілімін дайындап жатырмыз. Бүгінгі кавалькада құрамында аттар, арыстан, күймелі арбаға жегілген аттар, акробаттар мен сайқымазақтар болды», - деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.
Кавалькада үш күнге созылады және әр күні жаңа бағыт бойынша жүреді.
Ал, бүгін цирктен шыққан кавалькада Абай даңғылы бойымен жүріп отырып, Достық даңғылына дейін барып қайтты.
Айта кетелік, аңдарды қолға үйретуден есімі әлемге танымал болған тұлға, Мысыр Араб Республикасының еңбек сіңірген іртісі Хамада Кута 16 шілдеде Алматы циркінде өзінің «12 арыстан және Мысыр ханзадасы» атты аттракционымен өнер көрсетеді.