Алматыда Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби музыкалық шара өтті
Әдеби музыкалық кеш Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті. Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеште кемеңгердің осыған дейін көп айтылмаған әндері орындалды.
«Біз тек өнер адамы емеспіз, еліміздің болашағы – жастарды өнер мен білімге қатар баулып жүрген буынбыз. Сол себепті, Абай өмірі мен шығармашылығы әрбір талапты жастың, жанашыр үлкеннің айнымас серігіне айналуы керек. Бұл кештің осы, ортақ мүддені орындауда, кемеңгер мұрасына терең үңіліп, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге беру жолында маңызы зор», – дейді Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиев.
Кеште жас әртістер Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, сахналық қойылымдарын ұсынды.