Алматыда адам құқығын қорғау саласында жаңа жобаның тұсауы кесілді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Сорос-Қазақстан» қоры адам құқығын қорғау саласындағы жаңа жобаны таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жоба «Жас сарапшыларды қатыстыра отырып азаматтық сектор жұмысында әлеуметтік-экономикалық әділеттілікке қол жеткізу қағидаларын дамыту» деп аталады. Оған Қазақстандағы азаматтық қоғам мен әлеуметтік қызмет көрсету саласын дамытуға зияткерлік үлес қосқысы келетін кез-келген жас маман, шетелдік және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының түлектері қатыса алады. Былтыр еліміздің үкіметтік емес ұйымдары азаматтардың білім алу, медициналық қызмет пен әлеуметтік қолдауды пайдалану құқықтарының сақталуын зерттеу мақсатында ауқымды жобаны қолға алған болатын. Бүгінгі тұсауы кесілген жоба соның жалғасы ретінде жұмыс істейтін болады. Осыған орай, «Сорос-Қазақстан» қоры азаматтардың әлеуметтік қамтылудағы конституциялық құқықтарының қорғалу деңгейін зерттемек.«Сорос-Қазақстан» қорының «Бюджеттік ашықтық және есеп беру» бағдарламасы менеджері Жәнібек Хасанның айтуынша, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқығын орындаудың минималды деңгейі бар, мемлекет оны қаржылық тұрақсыздық кезеңінде де орындауға тырысуы керек. «Бұл құқықтарды қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қамтамасыз ету үшін мемлекетке қомақты қаржы қажет. Мысалы, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы білім беру мен денсаулық сақтау салаларына жалпы ұлттық өнімнің кем дегенде 5-6 пайызын жұмсауды ұсынады. Ең төменгі стандарттар әлеуметтік қызмет көрсету саласында да сақталуы тиіс. Елімізде бір ай бұрын қабылданған арнайы әлеуметтік көмек туралы заң қиын жағдайға түскен тұлғалалар мен отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Алайда, заң күші шектеулі, онда әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрі бірдей қамтылмаған», дейді Ж. Хасан. Аталмыш жоба аясында белсенді жастар мен үкіметтік емес ұйымдардің бірлесе жұмыс істеуі қарастырылады. Соған сәйкес, жастар қоғамдық ұйымдармен бірлесе зерттеу жүргізеді және әлеуметтік қызмет, яғни білім беру, медицина және әлеуметтік қорғау стандарттары бойынша ұсыныс-кеңестер әзірлейді. Бұған қоса, байқаудан өткен ЖОО түлектері әлеуметтік-экономикалық құқықты қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарда жарты жыл тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болмақ. Жас мамандардың өтініштері 10-ақпанға дейін қабылданады. Бір грант ? 720 мың теңгені құрайды, ал жалпы грант қоры ? 7,2 млн теңге.
Соңғы жаңалықтар