Алматыда адам өлімі үшін іздеуде болған қылмыскер ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кісі өлімі үшін өткен жылдан бері іздеуде болған қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ол осы уақытқа дейін әр қалада қонақүйлерде тығылып жүрген.
29 жастағы жігіт бір адамды атып өлтірді деген күдік бар. Қылмыс былтыр желтоқсанда жасалған.
«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қылмысты бұзақылық пиғылмен жеке бас араздығына байланысты жасаған. Полиция қызметінің бірлескен жұмысының арқасында қашқын ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.