Алматыда адам саудасымен айналысқандар сот алдында жауап бермек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб аудандық сотына адам саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталған қылмыстық топтың ісі түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда адам саудасымен айналысқандар сот алдында жауап бермек

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Г.Хан, Ұ.Мерейқызы және Г.Клышбаеваға ҚР ҚК  128-бабының 3-бөлімі бойынша айып тағылып отыр.

Сотқа дейінгі тергеу органдары бұл адамдар адам саудасымен айналысты деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған.