Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қаққан екінші күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қағып, жасырынып жүрген екінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше сағат бұрын, Алматы қаласының Қылмыстық полиция басқармасы Бостандық ауданында 2019 жылы 26 тамызда адамдарды көлігімен қасақана қақты деген күдікке ілінген 1999 жылғы А-ны ұстады.

«Күдікті А. Алматы облысының аумағында полициядан жасырынып жүрген. Күдікті ПД тергеу бөліміне жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Естеріңізге салайық, оқиға 26 тамыз күні, тағы сағат 4-тер шамасында болған. Әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы жарияланды.

Кейін Алматы полициясы көлікпен адамдарды қасақана қағу оқиғасына қатысты толық ақпаратты жариялады.

Сол күні, дәрігерлер көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты.

Тәртіп сақшылары адамдарды қаққан көліктерді тауып, арнайы автотұраққа жеткізді.

Күдіктілер ағайындылар екені анықталды. Аналары балаларының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты. Кейін, желіде куәгерлер түсірген тағы бір видео пайда болды.



Соңғы жаңалықтар