Алматыда адамдарды шетелге құлдыққа сатқан жігіт қамауға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адамдарды шетелге құлдыққа сатқан жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда адамдарды шетелге құлдыққа сатқан жігіт қамауға алынды

Ер адамға ҚР ҚК 128-бабының 3-бөлігімен адамдарды алдап шетелге құлдыққа жіберді деген айып тағылды. Күдікті адамдардың сеніміне кіру арқылы оларды шетелге асырып отырған.

Түрксіб аудандық соты Хан Гром Каннаковичті бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды. 

«ІІД-нің Тергеу басқармасының ІІБ-нің бас тергеушісінің қаулысымен Х. жеке адамға қарсы  ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып,  ол сот ісін жүргізуге кедергі жасайды  немесе тергеуден және соттан жасырынады деген негіздермен, сонымен қатар, бостандықта қылмыстық әрекетін жалғастыру мүмкін деген негіздермен  күдікті  Г.Ч. Ханға    «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасы қолданылған. Сот қаулысымен Х-ге  қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасымен 2 ай мерзімге санкцияланды», - деді баспасөз қызметінен.

Қаулы заңды күшіне енді.

Кінәсі дәлелденген жағдайда Хан 7 жылдан 9 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.