Алматыда адамды қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

АЛМАТЫ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 47 жастағы әйел адамды қағып кеткен  жүргізушіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Оқиға бүгін түнде Молодежная көшесінің бойында, №4 тұрғын үйге қарама-қарсы жерде болған. Әйелді басып кеткен жүргізуші, тоқтамастан ізін суытқан.  

"Осы жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын анықтау үшін оқиғаға куә болғандар мен қандай да бір ақпаратты білетін азаматтарды Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасының 254-45-05, 253-02-22, 253-07-20, 8-701-718-90-47, 8-701-777-38-68 телефондарына не 102 телефонына хабарласуын өтініп сұраймыз",-делінген хабарламада.  

Әзірге іздеу-шұғыл тобы оқиға болған жерден табылған заттарға қарап,  оның «БМВ» маркалы, қара түсті көлік екенін анықтады. Табылған заттар қылмыстық іске тіркелді.

Соңғы жаңалықтар