Алматыда «Әділ сайлау үшін» штабы сайлаушыларға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Әділ сайлау үшін» қалалық штабының жетекшісі Бауыржан Мақұлбаев қозғалыс мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде белсенді жұмыс істеп, сайлаушыларға құқықтық көмек көрсетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық қалаларында Президент сайлауын құқықтық қамтамасыз ету үшін «Әділ сайлау үшін» қозғалысының филиалдары ашылған.
«Қозғалыс мүшелері барлық бұқаралық ақпарат құралдарын қамтыды, әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сайлау заңнамасын түсіндіріп, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп жатыр», - деді Бауыржан Мақұлбаев.
Спикердің сөзінше, заңгерлер сайлауға алғаш рет қатысқалы отырған студент жастарға ерекше көңіл бөлді.
«Қозғалыстың негізгі міндеті – заң қоғамдастығының сайлау науқаны барысына құқықтық бақылау жасау және сайлау процесіне қатысушыларға сайлау заңнамасын қолдану тәртібін түсіндіру. Штабқа Қазақстандағы және шетелдегі танымал заңгерлер кірді»,- деді ол.
Еске салайық, қазан айында Алматыда «Әділ сайлау үшін» қозғалысы құрылған болатын.


Соңғы жаңалықтар
telegram