Алматыда «Әділет» қоғамы: тоталитарлық тарихтан ? демократиялық болашаққа» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Әділет» қоғамы: тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамы мен ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты бірігіп ұйымдастырды. Бұл шара «Әділет» қоғамының құрылғанына 20 жыл толуына арналып отыр. Онда мемлекеттің өз азаматтарының құқықтарын жаппай бұзуы, сталинизм зардаптарын жою, жазықсыз жазаланғандарды құқықтық тұрғыдан қорғау, билікпен және өзге ұйымдармен ықпалдастық мәселелері талқылануда. Оған атқарушы билік органдарының, «Мемориал» Халықаралық тарихи-ағарту, құқық қорғау және қайырымдылық қоғамының өкілдері, «Әділет» қоғамының мүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысуда. «1989 жылдың сәуір айында Алматыдағы Кино үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның 300-ден астам өкілі сталинизм қылмыстары жайындағы тарихи шындықты қалпына келтіру, саяси қуғын-сүргін мен 1932-1933 жылдарғы жаппай ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Осы жиналыс Қазақстанның ерікті «Әділет» тарихи-ағарту, құқық қорғау қоғамы құрылуының бастауы болды. Қазіргі уақытта тоталитарлық жүйе кезінде 58-ші баппен атылғандардың аты-жөндері мен қысқаша өмірбаяндық деректері көрсетілген «Азалы кітап» Қазақстанның барлық облыстары бойынша жарық көруде. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының естеліктері шығарылып, Қазақстанның көптеген аймақтарында саяси қуғын-сүргін құрбандары жаппай жерленген орындарда ескетрткіштер мен белгілер орнатылуда», - дейді «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамының президенті Бейбіт Қойшыбаев.
Соңғы жаңалықтар