Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы бойынша тексеру басталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Полиция департаменті Бостандық ауданы Полиция басқармасының хабарлауынша, Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы түсірілген жер анықталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар