Алматыда «Ағайындар» көркем фильмінің бас кейіпкерлерінің қатысуымен қолтаңба-сессия өтеді

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Ертең, тамыздың 14-інде Алматыда «Ағайындар» көркем фильмінің бас кейіпкерлерінің қатысуымен қолтаңба-сессия  өтеді,

Алматыда «Ағайындар» көркем фильмінің бас кейіпкерлерінің қатысуымен қолтаңба-сессия өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағайындар» фильмінің премьерасы «Қазақстан» телеарнасында өтіп, қалың жұртшылықтың ілтипатына бөленген болатын.

 Енді бұл туынды DVD дискілерде Қазақстанның барлық фирмалық дүкендерінде таратылатын болды.

 «Ағайындар» киносының желісі  ауылда туып -өскен үш ағайындылардың өмірі төңірігенде өрбиді. Жігіттердің әке-шешесі өз перзенттерін сүйетін қарапайым ауыл адамдары. Ағайындылардың үлкені Шыңғыс жоғары оқу орнын тәмамдап, Алматы қаласына кәсіпкерлікпен айналысуға кетеді. Ортаншы ұл - Қуаныш болашағынан үлкен үміт күттірер мықты спортшы болып өседі. Алайда ол түзу жолдан адасып, қылмыс әлемінің жолына түсіп кетеді. Кенже баласы Бақыт әскерден кейін ата-анасының қасында қалып, ауыл шаруашылығында қалғанды құп көреді.        

 Фильмнің режиссері Ахан Сатаев. Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Әнуар Нұрпейісов, Айдос Бектеміров пен Майра Омар сомдады.

 Автограф-сессия Алматыдағы Гоголь мен Панфилов атындағы көшелердің қиылысында орналасқан «Меломан» дүкенінде, сағат 16.00-де  өтеді.