Алматыда аграрлық нарық инновациясы туралы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар болады

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 27-28 шілде күндері «Аграрлық нарық инновациясы және өндіріс арқылы - күшті Қазақстанды бірге қалаймыз» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Алматыда аграрлық нарық инновациясы туралы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар болады

Оны Қазақ ұлттық аграрлық университетімен «КазАгро» ұлттық холдингі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Онда үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және Астана мен Алматы қалаларында азық-түлік белдеуін қалыптастыру шеңберіндегі көкейкесті мәселелер талқыланбақ. Семинар барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі Қазақ-Жапон инновациялық орталығында жүзеге асырылған және жоспарланып отырған жобалар мен ғылыми зерттеу орталықтары, инновациялық зертханалардағы университет ғалымдарының ғылыми жұмыстарының тұсаукесері болады. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық әкімшіліктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, шаруа қожалықтарының және фермерлік шаруашылықтардың өкілдері қатысады.