Алматыда ағымдағы жылы 30 мың түп ағаш егіледі

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат -Алматыда биылғы жылы 30 мың түп ағаш көшеті мен 200 мың шаршы метр аумаққа гүл егіледі.

Алматыда ағымдағы жылы 30 мың түп ағаш егіледі

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық табиғит ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлады.

Ведомстводан атап өткендей, жасыл желектендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2013 жылы Алматыда 36 361 түп көшет отырғызылған. Олардың ішінде 11776-сы қылқан жапырақтылар. Қылқан жапырақты ағаштардың 8,5 мыңын «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры «Медеу» шатқалына отырғызған. Қазіргі таңда қала аумағында көлемі 190 мың шаршы метр жерді гүлзарлар алып жатыр.