Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы оқулары өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара А. Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Бұған мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, тілші ғалымдар, ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ тілшілері, әдебиетсүйер қауым, сонымен қатар студент жастар мен оқушылар қатысты. ОларАхмет Байтұрсынұлының көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым, қаламгер ретінде қазақтың ұлттық ғылымы мен мәдениетінің, әдебиеті мен тілінің дамуына сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп, әдеби шығармашылық мұрасы жөнінде баяндады. Сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясаты туралы өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Ал, студенттер мен оқушылар А. Байтұрсынұлының түрлі тақырыптағы шығармаларын мәнерлеп оқыды.

«Бұл шара Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталып, қазақ тілінің қолданылуын дамытуға, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Біздің ең алдымен алдыға қойған міндетіміз - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Алаш ардақтыларының рухына тағзым ету, тарихи тұлғалардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен шығармашылық мұрасын насихаттау болып табылады», деді Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахетов.

Іс -шараны өткізуге атсалысып, белсенділік танытқан қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар