Алматыда академик Д.Сокольскийдің 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де көрнекті ғалым, Қазақстанда катализдік химияның негізін салушы, Социалистік Еңбек Ері, академик Дмитрий Владимирович Сокольскийдің 100 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасыр катализі және химиялық технология» атты ғылыми конференция өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Академик Сокольский - Қазақстанда катализдік химияның негізін салуда және дамытуда қосқан үлесі зор ғалым. Оның ғылыми еңбектері мен ашқан жаңалықтары катализ теориясы мен практикасындағы әлемдік қорға енгізілген, сонымен бірге бүгінгі күнге дейін катализдік, электрохимиялық процестердің жаңа технологиясын өндіріске енгізумен дамытуда негізгі құрал болып саналады.

Конференцияның мақсаты - республиканың ғылыми жұртшылығын ұлы ғалымның жеке тұлғасына көңіл аударту, оның келер ұрпаққа қалдырған мұраларын, ғылыми болжамдарын, теориялық ойлау құралдарын және катализдің көптеген үрдістері мен құбылыстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік жасау.

«Ұлы ғалым Қазақ мемлекеттік университетінде бірінші катализ және техникалық химия кафедрасы мен ҚазССР ҒА жанында органикалық катализ және электрохимия институтын ұйымдастыруда ерекше еңбек сіңірді», деп атап өтті өз сөзінде ҚазҰУ-дің ректоры Бақытжан Жұмағұлов.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, химия ғылымдарының докторы Ақмарал Арыстанбекованың айтуынша, академиктің білімдарлығына барлық шәкірттері таңданыспен қараған. «Оның дәрісін ұйып тыңдаушы едік және ол қиын тақырыптардың өзін анық түсіндіре білетін. Осындай ғалымнан білім алып, соның басшылығында жұмыс істегенімді мақтан тұтамын», дейді ол.

Сондай-ақ А.Арыстанбекова ҚазҰУ-дің химия факультетіндегі дәріс залдарының біріне аталмыш ғалымның атын беруді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар