Алматыда «Әкелер форумы» өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда отбасы мәселелеріне арналған Әкелер форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Алматы әкімдігімен және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, 20 қазанда ІІ Республикалық әкелер форумын өткізбек.

Форумда отбасы институтын және әкелердің отбасылық тәрбие берудегі рөлін нығайту мәселесі талқыланбақ.

«Форумда балалардың бойында патриоттық сезімді күшейтіп, «Рухани жаңғыру» шеңберінде білім алуға деген құлшынысын арттыру мәселелері талқыланатын болады», делінген хабарламада.

Форумның жұмысына Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ үлгі боларлық өнегелі әкелер - барлық өңірлерден келген делегаттар қатысады.

Соңғы жаңалықтар