Алматыда «Әкелер мен балалар: мәселелері мен болашағы» атты кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігі дайындаған «Әкелер мен балалар: мәселелері мен болашағы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 жылғы әлеуметтік маңызы бар жобаларының ішінде «Балалар мен әкелер» тақырыбы өзекті болған.

Жоба басшысы, профессор Ләйлә Ахметова өз үлестеріне тиген осы лот үшін жауапкершілік өте жоғары болғанын айтады. «2005 жылдан бастап «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігі жанұя, отбасы, балалық кезең тақырыбы аясында мақсатты түрде жұмыс істеп келеді. Бүгінгі мына кітапта Астана және Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Әкелер мен балалар» жанұядағы әке тәрбиесінің рөлін күшейту мақсатында жүргізілген жобаның есебі жарияланған. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары аймақтық әріптестерімен бірлесіп жүргізген әлеуметтік сараптамасы да кітаптың бір тарауында берілген», дейді Л.Ахметова.

Сондай-ақ ол «Әкелер мен балалар» тақырыбы қазіргі уақытта өзекті екендігін және әр адам үшін ата-ана мен бала қымбат болып қала беретіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар