Алматыда Ақмарал Еспенбетованың тұңғыш жеке көрмесі ашылды

   АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында жас суретші, дизайнер Ақмарал Еспенбетованың «Дебют» деп аталатын тұңғыш жеке көрмесі ашылды.

Алматыда Ақмарал Еспенбетованың тұңғыш жеке көрмесі ашылды

  Ол  12 мамырға дейін созылмақ. Көрмеге  А. Ахметжанқызы сурет пен кескіндемелік 30 және  керамикалық табаққа салынған 12 туындысын ұсынып отыр.

А.Еспенбетова  1986 жылы  12 маусымда Алматы қаласында дүниеге келді. Әкесі  Ахметжан Еспенбет сәулетші, анасы  Гүлнар Байқожаева мәдениет саласының қызметкері. «Ана көрген тон пішер» дегендей, 12 жасында балалар шығармашылық үйіндегі тігін курсына барған Ақмарал оны  2 жылда жылдам меңгеріп шығады. Ал 2002 жылы экономика мен математиканы тереңдетіп оқытатын №55 мектептің 9 сыныбынан кейін О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәулет-қолданбалы өнер колледжінің дизайн факультетіне түседі. Оны  2006 жылы  киім дизайнері, ал 2008 жылы Милан қаласындағы Еуропалық дизайн институтын  киім және тоқыма дизайны мамандығы бойынша Қызыл дипоммен бітірген. Италияда оқып жүріп Милан, Флоренция, Болония сияқты түрлі қалаларда өткен  байқауларға және көрмелерге қатысып шеберлігін шыңдаған қолөнер шебері 2009 жылы Қазақ-британ техникалық университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы маркетинг және менеджменттегі іскерлік әкімшілік магистрі  болып шықты.