Алматыда Аконкагуа шыңын бағындырған альпинистер экспедицияны қорытындылайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең «Достық» қонақ үйінде түстен кейін қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев пен Мағжан Сағымбаевтың Аргентинадағы Аконкагуа (6962м) шыңына бастаған экспедицияның сәтті аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
29 ақпанда альпинистер Қазақстанның туын Оңтүстік Американың ең биік шыңына орнатты. Бұл өрлеу (жер шарының алты асқар шыңдары - Еуропаның, Азияның, Оңтүстік және Солтүстік Американың) «7 шың» атты жоспардың қорытындысы.
Альпинистер өз жеңісін 2011 жылғы Қысқы Азиялық ойындарының чемпионы Евгений Левкинге арнады. Ол спорттың трамплиннен секіру түріне қатысып, қазіргі таңда ауыр жарақаттан кейін қалпына келу үшін күресіп жүр. Экспедицияны «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жобаға Kaspi bank-і қолдау көрсеткен.
Альпинизмнен Қазақстан Республикасының құрамасын қолдау барысында «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ Аконкагуаға экспедицияны ұйымдастырды. Бұл жобаға Алматы қаласында 2017 жылы болатын 28-ші Дүние жүзілік қысқы универсиаданың дайындығы мен өткізу шараларына жауапты дирекция, Қазақстан Республикасының Альпинизм және құзға шығу федерациясы мен ҚР ҚМ Әскери орталық спорт клубы демеу көрсетті.
Еске сала кетсек, Аконкагуа шыңы - Анд тау сілемінің ең биігі, теңіз деңгейінен 6 962 метр биіктікте орналасқан Оңтүстік Американың ең биік нүктесі.
Жалпы америка құрлығындағы ең биік тау, Батыс жарты шарының биік нүктесі, Оңтүстік жарты шарының ең биік тауы деп биіктіктер рейтингінің арасындаол алғашқы орындарда аталып тұрады. Аконкагуа Тынық мұхитына не бары 150 километр жақын орналасқандықтан, тау басында емін-еркін соғатын «ақжел» дауылдары әбден «танымал».Бұл тау оңтүстік ендігінің 32 градусында Чили шекарасынан 30 км қашықтықта, Аргентина жерінде орналасқан.