Алматыда ақпараттық қауіпсіздік туралы ІІ Банкаралық форум өтіп жатыр

Оны Ресей банкінің атсалысуымен ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстандық банкаралық есептесу орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
«Банк жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Жаһандану мен ақпараттық технологиялар дәуірінде мұндай алқалы жиынның рөлі өте зор. Өйткені аса құнды ақпараттарды олар көбіне екіжақты байланыс кезінде алады. Онда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту үздіксіз жүретін үдеріс», - дейді ҚР Ұлттық банкінің «Қазақстандық банкаралық есептесу орталығы» РМК Бас директоры Саит Абдулкаримов. Оның айтуынша, бұл шараға банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының және ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялардың 150-ден астам өкілі қатысуда. Олар ақпараттық қауіпсіздік саласының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, әртүрлі сауалдар бойынша өзара пікір алмаспақ.