Алматыда АҚШ-тың танымал жазушысы Аной Кастийо жас ақындармен кездесті

/strong>Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Қазақстанға тұңғыш рет келген АҚШ-тың танымал жазушысы Аной Кастийо жас ақын-жазушылармен кездесу өткізді,

Алматыда АҚШ-тың танымал жазушысы Аной Кастийо жас ақындармен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында ол өзінің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырып, өлеңдері мен әңгімелерінен үзінді оқыды және жас ақындарға кеңес берді.

Роберт Ленг «Аной Кастийо біздің шақыруымызбен және демеушілігімізбен Қазақстанға тұңғыш рет келіп отыр. Ол Америкада өте танымал ақындардың бірі. Менің ойымша, бұл - қазақстандық әрбір адамға жазушы әйелдің өзімен және әрине, шығармашылығымен жақынырақ танысуға туатын үлкен мүмкіндік. Оның кездесуінен әр адам жаңа бір шабыт алады деген сенімдемін», деді Алматыдағы АҚШ елшілігінің Бас консулы Роберт Ленг. Оның айтуынша, американдық жазушы ертең Жазушылар одағында кездесу өткізеді. «Одан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің ұстаздарымен және Алматы қаласында дәріс беретін ағылшын тілі мұғалімдерімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар, ол ҮЕҰ-дың ұйымдастыруымен өтетін дөңгелек үстел отырысына қатысады. Бұдан басқа ол Шымкент және Тараз қаласында бірнеше кездесулер өткізеді. Жалпы оның Қазақстанға сапары екі аптаға созылмақ», деді Роберт Ленг.

Аной Кастийо - мексикалық-американдық ақын, новеллист, көптеген қысқа әңгімелердің авторы. Ол 1953 жылы дүниеге келіп, Чикагода өскен. Испан тілі оның ана тілі. Жазушылықпен ол 70-ші жылдардың ортасынан бастап айналыса бастаған. Оның бірінші өлеңдері 1975 жылы мойындалған. 1980 - 1990-шы жылдар аралығында оның «Микскиахуаланың хаттары», «Менің әкем - Толтек», «Сапагония» атты кітаптары шыққан. Оның кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.