Алматыда ақша айырбастау пункттерінің клиенттеріне қарақшылық шабуыл жасап жүрген топ тағы да екі қылмысқа қатысы бар деп айыпталуда

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда бұған дейін ақша айырбастау пункттерінің клиенттеріне қарақшылық шабуыл жасап жүрген қылмыстық топтың тағы да екі ауыр қылмысқа қатысы бар деп айыпталуда.

Алматыда ақша айырбастау пункттерінің клиенттеріне қарақшылық шабуыл жасап жүрген  топ тағы да екі қылмысқа қатысы бар деп айыпталуда

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы қыркүйек айында аталмыш қылмыстық топ ақша айырбастау пункттерінің клиенттеріне қарақшылық шабуыл жасағандары үшін ұсталған болатын.

Соңғы оқиғада олар кезекті құрбанын, 32 жастағы кәсіпкерді қарсылық көрсеткендіктен басынан атып өлтірген. Бұл оқиға тонаушылық деп қаралған болатын. Оның алдындағы оқиғада жеке такси жүргізушісі болып жүрген бір адамды тоқтатып, алдап үйіне алып келіп, ұрып-соғып, өздері жалдап тұрып жатқан үйлеріне қамап қойған. Оның көлігін алып, кезекті құрбандарын іздеумен айналысып жүрген.

"Топтың жеті мүшесі, сонымен қатар заңсыз қару сақтағандары үшін және ұстап жүргендері үшін де айыпталуда. Қылмыскерлерді ұстау барысында 16 калибрлі екі қару тәркіленді. Олар осы қарулармен қарақшылық шабуыл жасаған. Қазір криминалистер бұл қарулардың қашан және қай жерде қолданылғанын тексеруде",- дейді Криминалды полиция басқармасының басшысы, полковник Амангелді Шідеркұлов.

Оның айтуынша, бұл топқа Алматы облысы аудандарының тұрғындары кірген және олардың барлығы қарақшылық шабуыл жасағандары үшін бұған дейін істі болған.