Алматыда ақылы автотұрақтардың мемлекеттік бірыңғай операторы құрылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы паркингінде» бірыңғай операторы құрылып, кәсіпорын директоры тағайындалды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, көлік тұрақтарын одан әрі күтіп ұстау үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жұмыстары басталды. Оған дейін автотұрақтарды басқарған компаниялар өз қызметін жалғастыратын болады. Қазір автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әдеттегідей, төлемдер тексеріліп, айыппұлдар салынады.

«2022 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша компаниялардың есепшотында 596 млн теңге бар. Бұл сома күн сайын толықтырылып отырады және серіктестік басшыларына қатысты сот ісі аяқталғаннан кейін құрылған мемлекеттік кәсіпорынның есепшотына аударылады», - деп атап өтті Алматы қалалық мобильділік басқармасынан.

Айта кетейік, көктемде Алматыдағы ақылы автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылған болатын.

Еске салайық, «Alan Parking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған болатын.

Сонымен қатар, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков та қамауда отыр.

Қазіргі уақытта компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды және бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді.


Соңғы жаңалықтар
telegram