16:54, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде спорттық шыңға өрмелеуден біріншілік өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Алматыда наурыздың 15-інде Сырым Күдериннің жүлдесі үшін спорттық шыңға өрмелеуден Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ашық біріншілігі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық альпинизм және шыңға өрмелеу федерациясына сілтеме жасап.Жарыстың мақсаты ? студенттер мен оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шыңға өрмелеуді көпшілікке тарату. Біріншіліктің бастамашысы ? жоғары оқу орнының спорт клубы, дене тәрбиесі кафедрасы және ҚазҰУ-дың альпинизм және шыңға өрмелеу секциясы.
Жарыс «Спортшылар» және «Үйренушілер» деген екі санат бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі. Жарыс басталар алдында техника қауіпсіздігі бойынша қысқаша курс өткізілетін болады.Жеке және командалық есептердегі жеңімпаздар биіктікке барынша жоғары көтерілу бойынша анықталады.