Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінің жаңа зертханалары ашылды

Ы. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факультетінің жаң а оқу жылындағы заманауи оқу зертханаларының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

2009 жылы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев химия факультетінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашқан болатын. Ашылу рәсімінде Президент жетекші университетті «Жаңа Қазақстан ғылымы мен білімінің алтын діңгегі» - деп бағалаған еді.

ҚазҰУ-дың химия факультеті 2010 жылы «ҚазҰУ-дың Үздік факультеті» байқауында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, нанотехнология саласы бойынша бүгінге дейін өткізілген 14 республикалық байқаудың 7-нде ҚазҰУ-дың химик-ғалымдары жеңіске жеткен.

Университет ректоры Бақытжан Тұрсынұлы ашылу салтанатында барша ҚазҰУ-лықтарды мерейлі шарасымен құттықтады. «Биыл талапкерлерді қабылдау науқанында ҚазҰУ 3200 мемлекеттік білім грантын иеленіп, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рекордтық нәтиже көрсетті. Ал химия факультеті оқуға 405 білімгерді мемлекеттік білім гранты негізінде қабылдады. Оның 36-сы «Алтын белгі» иегері. Бір айтарлығы, бұл факультет кейбір мамандықтар бойынша жалпы мемлекеттік тапсырыстың 50 пайызына ие. Еліміздің жетекші университетінің ендігі бағындырмақ белесі - қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып әлемдік үздік рейтингке ену», деді ректор.

Химия факультетінің студенттері 2010-2011 оқу жылын енді соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған жаңа оқу ғимаратында бастайды. Бес қабатты ғимаратта заманауи зертханалар мен оқу дәліздері бар.

Салтанатты тұсаукесер рәсімі ҚазҰУ-дың химия факультетінің шағын залында өтті. Тұсаукесерде қонақтарға жетекші ғылыми кафедралардың жетістіктері мен химия саласындағы ғалымдардың үздік ғылыми көрсеткіштері баяндалды.

Соңғы жаңалықтар