Алматыда әл-Фараби мұраларын зерттеуге байқау жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда белгілі философ, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбектерін зерттеуге арнайы байқау жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда әл-Фараби мұраларын зерттеуге байқау жарияланды

«Ғұлама бабамыз әл-Фарабидің адамды интеллектуалдық қалыптасуы туралы еңбектерін зерттеу қоғамды адамгершілікке баулуға септігін тигізеді. Осыған орай студенттер арасында әл-Фараби еңбектерін зерттеуге әкім атындағы шәкіртақы тағайындалады. Бұл шәкіртақыға ашық байқау жарияланды», - деді әкім Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, қала жастарын қолдау - қаланы дамытудың басым бағыттарының бірі.

«Кезінде ғұламаның өзі айтқан, қай елдің болмасын болашағына баға беру үшін алдымен жастарын көрсет деген екен», - деді әкім.

Одан бөлек халықаралық деңгейдегі әл-Фараби Олимпиадасын өткізу жоспарланды.

Сонымен қатар ғалымның «Бақытқа апарар жол» еңбегі бойынша кәсіпкерлер арасында тренинг өткізу, интерактивті карта ашу жоспарда бар.

Айта кету керек, кеше Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастаған болатын.