Алматыда ALA жазуы формасындағы бақ пайда болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қаланың халықаралық коды – ALA әріптері формасында бақ отырғызылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ALA жазуы ғарыштан көрініп, Алматы бағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Әріптер формасындағы бақ әуе кемесі қонуға дайындалғанда борттағыларға көрінетіндей етіп отырғызылған.

«Дүниежүзілік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей орын Гиннестің рекордтар кітабына ең үлкен сөз ретінде кіре алады», - дейді жоба авторы, продюсер Дәуіт Шайхисламов.

Автордың айтуынша, 3 гектардан аса алқапқа 2,5 мың екі метрлік арша отырғызылған.

«Ағаштар – болашақ ұрпаққа мұра. Олар ондаған жылдар бойы өсіп, жасыл желекті қалыптастырып, ең маңызды адами құндылықтарды бейнелейді. Осы белгі арқылы біз қалаға деген сүйіспеншілігімізді бөлісеміз», - дейді Дәуіт Шайхисламов.

Ертең, 18 қарашада қоғам белсенділері Алматы әкімдігімен бірлесе ALA бағын отырғызуды аяқтайды.

Видеодан алынған кадр instagram.com/daut.shaikhislamov


Соңғы жаңалықтар
telegram