Алматыда «ALASH PRIDE-ACB» халықаралық турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «ALASH PRIDE-ACB» халықаралық ММА турнирі аясында спортшылардың салмақ өлшеу және жүзбе-жүз, көз түйістіру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «ALASH PRIDE-ACB» халықаралық турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті

«ALASH PRIDE-ACB» турнирінде спортшылардың 15 жұбы бүгін салмақтарын өлшеп, ертеңгі сайысқа дайындықтарын көрсетті. Салмақ өлшеу рәсімін ТМД және Ресей бойынша ең үздік ринг-хабарлаушысы Александр Загорский жүргізді.

Жекпе-жек кеші Алматы қаласының 1001 жылдығына арналады. Сайыстың басты жекпе-жегі қазақстандық Арман Оспанов пен бразилиялық Тьяго Луиса Сильва арасында өтеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні «ALMATY ARENA» спорт кешенінде «ALASH PRIDE» промоутерлік компаниясы «АСВ» промоушенімен бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан тарихындағы ең ауқымды, халықаралық ММА турнирін өткізеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегі Арман «СҰҢҚАР» Оспанов пен бразилиялық Тьяго «MANCHINHA» Луис Сильва арасында өтеді.

Қазақстанның ең үздік файтері, «Alash Pride FC» сарбазы - Арман Оспанов кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесуге шығып барлығында айқын жеңген. Ол әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның қарсыласы Тьяго Луис Силва (12-5) бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеудің иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем чемпионы.

Бұл ММА турнирінің аясында белгілі қазақстандық спортшылар, «Alash Pride FC» өкілдері - Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен легионеріміз Мурод Хантураев және Игорь Свирид айқасқа түспек. Турнирде сегіз бұрышқа жалпы 15 жұп 11 жекпе-жекке шығады. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

«ALASH PRIDE - АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі - Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етеді. UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталған жекпе-жек кешінің комментаторы болмақ.