16:35, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда «Алашорда» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
АЛМАТЫ. Наурыздың 16-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Алашорда» деректі фильмінің таныстырылымы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Фильмді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Бұнда Алашорда үкіметін құрған қайраткерлердің, соның ішінде Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлік рөліне үлкен маңыз берілген. Сондай-ақ «Алашорда» кинодерегінде Алаш қозғалысына қатысты бірнеше тарихи ғимараттар тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылды. «Фильм бес ай бойы түсірілді. Түсіру тобы Орынбор, Петербор қалаларында болып, тың деректер жинады. Соның ішінде, Алашорда үкіметінің І, ІІ съездері өткен ғимараттар жайлы құнды ақпараттарға қол жеткізілді», - дейді «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев.52 минуттық фильмде Семей қаласы аумағында орналасқан Алашорда үкіметінің ғимараты туралы да айтылады.