Алматыда Алау эстафетасына байланысты көшедегі қозғалыстарға шектеу қойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Алматы қаласында Универсиаданың Алау эстафетасын елімізге танымал тұлғалар қала көшелерімен алып жүр. Осыған байланысты бірқатар көшелерде жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды АқазАқпарат тілшісі.

Алматыда Алау эстафетасына байланысты көшедегі қозғалыстарға шектеу қойылды

Айта кетейік, Алау эстафетасы мына бағдар бойынша жүреді:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ - Тимирязев көшесі - Манас көшесі - Абай даңғылы  - Сейфуллин даңғылы - Гоголь көшесі - Сейфуллин даңғылы - Төле би көшесі - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі  - Сәтпаев көшесі - Достық  даңғылы - Республика алаңы.

Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады.

«Алау эстафетасы көшелердің басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді», деп хабарлады қала әкімдігі.