Алматыда алаяқ әйел екі адамды алдап, 9,7 миллион теңге көлемінде ақша жымқырған

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Ә., есімді азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-ші бабы 3 бөлігі «б» тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғады.
None
None
Әлгі әйел Ф., және Т., деген екі азаматтың сенімдеріне кіріп, оларға кепілдікте тұрған пәтерлерді арзанға алып беремін деп, олардың 9,7 миллион теңге көлемінде ақша қаражаттарын жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы жаңалықтар