Алматыда алаяқтық жасаған адвокат жеті жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алаяқтық жасаған адвокат жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда алаяқтық жасаған адвокат жеті жылға сотталды

Алматы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Медеу ауданының №2 аудандық сотында азамат Г.-ға қатысты алаяқтық және пара беруге шақырды деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

«Сот Г.-ның Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты бола тұра, іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, шот-фактураларды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. мен Г.-ны қорғап, тергеушілер пара сұрады деген сылтаумен әрқайсысынан 1млн теңгеден алып, оны қолды кеткен», -

делінген сот хабарламасында.

Сот адвокатты ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-190-бөлігі және 4-бөлігінің 2-тармағы, 28-бөлігі, 4-367-бөлігі және 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

«Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.