Алматыда алдағы 3 жылдың ішінде жаңадан 19 мектеп салынады - Білім басқармасының бастығы

АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Білім басқармасының бастығы Рахат Сейдахметқызының айтуынша, Алматыда қазіргі таңда 542 білім беру мекемесі бар. Бұл туралы бүгін қаланың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте айтылды.
None
None

"Алматыдағы білім беру мекемелерінің 224-і - мектептер. Олардың 181-і - мемлекеттік, 43-і - жекеменшік. Мемлекеттік мектептердің 76-сы- орыс, 52-сі - аралас, 50-і - қазақ, үшеуі ұйғыр тілінде дәріс береді", - дейді Рахат Шимашева.

Білім басқармасы бастығының айтуынша, жалпы білім беру мекемелерінде 300 мыңнан астам бала оқиды. Оларға 22 543 педагог тәлім етуде. 2011-2013 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жаңадан 73 құрылыс нысаны салынбақ. Оның 19-ы - мектеп, біреуі - балалар шығармашылық үйі, екеуі - кәсіптік мектеп, 42-сі - балабақша, 9-ы - қайта жаңғырту құрылыстары болмақ.

Соңғы жаңалықтар