Алматыда алдағы аптада күш құрылымдары мен басқарма, департамент басшылары өз табысы мен мүліктерін жарияламақ

rong> Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда алдағы аптада күш құрылымдары мен басқарма, департамент басшылары өз табыстары мен мүліктерін жария етпек.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда аудан әкімдерінің өз табыстары мен мүліктерін жариялау рәсімінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» ХДП «Өзіңнен баста» деп аталатын республикалық  акция жүргізуде. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіру және мемлекеттік құрылымдардың жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.  Мен мемлекеттік  қызметкер емеспін, қоғамдық қызметкермін. Сондықтан өз табысым мен мүлкімді жариялауға міндетті болмасам да айта кеткенді жөн көріп отырмын. Үш бөлмелі пәтерім бар. Айлығым 75 мың теңге. Ал жылдық табысым 900 мың теңге», дейді «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ақылбек Желдібаев. Оның  айтуынша, енді алдағы уақытта Алматыдағы күш құрылымдары мен басқарма, департамент басшылары да өз табыстары мен мүліктерін жария ете бастайды. Сондай-ақ сейсенбі күні аудан әкімдері «Жол картасы» бойынша салынып жатқан нысандардағы жұмыс барысымен таныстыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар