Алматыда алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алдағы демалыста аптап ыстық болады. «Казгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, ауа температурасы жақын күндері 34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады



Қалалық ТЖД мамандары аптап ыстыққа байланысты су қоймаларында рейд жүргізді. Басты мақсат халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндіру. Мамандар ыстық кезіндерұқсат етілмеген су қоймаларында шомылудың қатері туралы айтып берді.