Алматыда алдағы демалыс күндері тұман түсіп, көктайғақ болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алдағы сенбі, жексенбі күндері тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны қалада ескерту жариялаған.
Сол ескерту негізінде Алматыда 12 ақпанда таңертең және күндіз, 13 ақпанда тәулік бойы тұман мен көктайғақ күтіледі.
«Ал Алматының таулы аймақтарында 12 ақпанда – қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын жел екпіні 12 ақпанда кей жерлерде секундына – 23-28 метрге дейін күшейеді», - делінген хабарламада.