Алматыда алдағы күндері қатты аяз болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалың қар жауып, -25 градус аяз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синптоиктердің болжамынша, алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде -18, күндіз -15 градусқа дейін төмендеп, күн суытады.

Одан кейінгі күндері 25 градусқа дейін қатты аяз болады.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасысының мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өндірістік базаларда тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.

«Көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілердің тротуарда жүргенде абай болуын сұраймыз. Құрметті қала тұрғындары, жол жүргенде абай болып, өміріңізге қауіп төндірмеңіздер»,- деп атап өтті Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Дәл қазіргі уақытта Алматыда жауын жауып тұр.


Соңғы жаңалықтар