Алматыда алдыңғы орындыққа екі баланы отырғызып алған жүргізуші жазаланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көлік жүргізушісі екі баланы алдыңғы орындыққа отырғызып, оларға қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ал өзі ұялы телефонмен сөйлескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде ер адамның кәмелетке толмаған екі баланы көліктің алдыңғы орындығына арнайы құрылғысыз отырғызғаны және өзі жол үстінде телефонмен сөйлесіп келе жатқаны жөніндегі видео тарады.
«Оқиға Шаляпин көшесінің бойында шығыс бағытта болған. Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол 1995 жылы туған азамат Р. болып шықты. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі ҚР Жол жүру ережесінің 7.2. және 2.4.9. ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,– деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.