Алматыда әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарындағы тәжірибе негізінде оқу жоспарын жетілдіру мәселелері талқыланды
Бұл - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысы. Университеттің РОӘК Оқу-әдістемелік секциясы еліміздің 22 жетекші жоғары оқу орнын біріктіреді және республикамыздың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық мамандықтарының бесінші бөлігіне жетекшілік етеді.
«Жоғары білім беруде оқу бағдарламаларының сапасын арттырудың тиімді механизмі оларды халықаралық аккредитациядан өткізу болып табылады. Бағдарламаларды аккредиттеу сапаның халықаралық дәрежеде мойындалуының және түлектердің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болмақ. Оқу бағдарламаларын жобалаудағы заманауи әлемдік тәжірибенің тағы бір ерекшелігі - біліктілік (құзыреттілік) тәсілдемесі. Заманауи ЖОО-ның мақсаты - нәтижеге негізделген білім беру, демек құзыретті маман даярлау. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің инновациялық оқу жоспарында жоғары білім берудегі аталған екі әлемдік үрдіс көрініс тапқан», - дейді университеттің бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев.