Алматыда «Әлемдік жаһандану жағдайындағы университеттердің ақпараттандырылуы» тақырыбында халықаралық семинар өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 15 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университінде ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың қатысуымен «Әлемдік жаһандану жағдайындағы университеттердің ақпараттандырылуы» атты халықаралық семинар өтіп жатыр.
Шараның мақсаты - семинар мүшелерін білім беру мен зерттеу жұмыстарының жаһандану контекстінде жоғарғы оқу орнын басқарудың ақпараттық-коммуникациялық ортасының мүмкіндіктерімен таныстыру.
Технологиялық даму және қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейі қоғам дамуының басты шарты болып табылады және оның зияткерлігінің, жаңа білім беру және білім алу қабілетінің өлшемі. Біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастыру - экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын басты шарттарының бірі. Бұл үрдісте жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды білім беру ортасында кеңінен қолдануды, оқу үрдісін автоматтандыруды, электронды оқыту жүйесін енгізуді (е-learning) жоспарлайтын білім беру жүйесін ақпараттандыру маңызды рөл атқарады.
Семинар барысында Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің біртұтас электронды білім беру, ақпараттық-коммуникациялық және әкімшілік-басқару ортасын қалыптастыру жөніндегі аталған университет пен Әлемдік экономика және қаржы институтының (Астрахан қаласы, Ресей) бірлескен жобасы - «ҚазЭУ-ELEX» халықаралық жобасының ашылу салтанаты болды.
Еліміздің 42 жоғары оқу орынының ректорлары мен ҚР БҒМ өкілдері, шетелдік сарапшылар қатысып отырған бұл жиында жоғары оқу орнындағы білім және Қазақстан ғылымын модернизациялау және дамытудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және қабылдау болмақ. Сонымен қатар қатысушыларды әлемдік ғылым және білімнің жаһандану жағдайында жоғарғы оқу орнының негізгі бағыттарын жетілдіруді инновациялық жабдықтау барысымен таныстырылады.