Алматыда әлемге танымал ультра марафоншы Дин Карнасис 25 шақырымдық марафонға қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 шілде күні есімі бүкіл әлемге танымал 54 жастағы америкалық ультра марафоншы Дин Карнасис 25 шақырымдық марафонға қатысады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бұл спорттық шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуына арналған «25 жыл бірге» науқаны аясында ұйымдастырылып отыр.

Осы науқан аясында атақты марафоншы Дин Карнасис Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында көне Ұлы Жібек жолының бойымен 525 шақырымды жүгіріп өтті. Барлық елде онымен бірге спорт әуесқойлары да жүгіреді. Алматыдағы жүгіріс осы науқанның ең соңғы кезеңі.       

Айта кетелік, Дин Карнасис дұрыс тамақтанудың және жүгірудің маңыздылығы, пайдасы туралы көптеген кітаптар, мақалалар жазған. 2005 жылы ол 80 сағат 44 минут ішінде ұйқысыз, демалыссыз 560 шақырымды жүгіріп өткен.

Алматыдағы 25 шақырымға жүгіру 10 шілде күні таңертең сағат 07:00-де ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдында басталады. Мәре сызығы - «Медеу» спорт кешені алдындағы алаң. 

Соңғы жаңалықтар