Алматыда әлемнің әр елінен келген кардиологтар жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа әдістерді талқылауда

Аталған шаралар аясында алыс жақын шетелдердегі кардиологтар негізгі жүрек-тамыр ауруларын емдеу мен диагностикалаудағы жаңа тәсілдерді талқылайтын болады.
Шара ұйымдастырушылары: ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Кардиологтарының ассоциациясы, Қазақстан аритмологтары қоғамы, Интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтардың қазақстандық қоғамы.
Форумға Неміс кардиологтары қоғамының президенті Карл-Хайнц Кукк, Түрік әлемінің кардиологтары ассоциациясының президенті Махмуд Шахин, Ресей кардиологтары қоғамының президенті Евгений Шляхто, ДДСҰ-ның ҚР-дағы өкілі Мелита Вуйнович, ҚР кардиологтары ассоциациясының президенті Сәлім Беркінбаевтың және т.б. қатысты. Сонымен қатар, шараға еліміздің барлық аймағындағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас мамандар, кардиологтар, аритмологтар және интервенциялы кардиологтар, барлығы 400 адам шақырылды.
4 күннің ішінде ғалымдар мен дәрігерлер кардиологиялық қызметті ұйымдастырудың мәселелерін, интервенциялық кардиология, клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмологияның дамуын, негізгі жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ негізгі кардиологиялық ауруларды оңалту және алдын алу мәселелерін талқылайтын болады.
15 және 17 маусымда ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қалалық кардиологиялық орталықтың негізінде шеберлік-кластар өткізілетін болады.
Сонымен қатар, дәрілік заттар, диагностикалық емдеу құралдары, заманауи ақпараттық технологиялар мен медициналық мамандандырылған басылымдардың көрмесі өткізіледі.
Форум аяқталғаннан кейін республикадағы кардиологиялық және терапевтік қызметті жетілдірудің жолдарын анықтайтын қарар қабылдау жоспарланып отыр.