Алматыда әлемнің соғыс ошақтарында түсірілген фото суреттердің көрмесі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге әлемнің соғыс ошақтарында жұмыс істеп жатқан халықаралық-журналистердің Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Хорватия, Косово, Албания, Чешенстан, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Бесланда түсірген 283-тен аса жантүршігерлік фото суреттері қойылған. Қойылған суреттердің көпшілігі фотожурналист -Ескендір Аманжоловтікі.
«Фотогаллереяны ұйымдастырудағы мақсатымыз - мұнда ілінген көріністердің біздің елде болмауын көрсете отырып, жастарға біздің еліміздегі бейбітшіліктің маңыздылығын жеткізу, ұлтаралық жанжалдың неге әкелетінін түсіндіру. Әр фото суретте соғыстың сұмдық шындықтары көрсетілген. Біз осындай шаралар арқылы жастарды біздің еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті сақтауға, бағалауға шақырамыз», деді студент сұрақтары бойынша кеңсенің директоры Майнұр Топаева.
Фото көрме наурыз айының 3-іне дейін жалғасады.