Алматыда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Интеллектуалды жасампаз қоғам: білім және жаңа технологиялар» деген атпен өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің ең үздік жобалары анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Экспертті комиссия бағалап, сараптауда жобалардың әлеуметтік маңыздылығына, өзектілігіне, экономикалық лайықтылығына, инновациялық технологиялардың қолданылуына мән берді", деді ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тохтаров. Оның айтуынша, "Білім және қоғам" аталымына-53 жоба, "Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар"аталымына - 44 жоба, "Оқу әдістемелік және білім беру әдебиеттері" аталымына -45 жоба ұсынылған. "Барлық жобалар жәрмеңке ұранына лайықты болды", деп атап өтті С. Тохтаров.
ҚР Тұңғыш Президенті қоры ең үздік деп танылған 29 жобаны қаржыландыратын болды.
«Білім жүйесінің инновациялық дамуы» аталымында 4 жеңімпаз, 5 үздік жоба «Білім және қоғам» аталымында, 2 жеңімпаз "Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар"аталымында аталды. Ал, "Білім, ғылым және өндіріс" аталымында бір жоба ең үздік деп танылды. "Дарынды балалар білім беру қолдауы" аталымында 5 үздік жоба, "Оқу әдістемелік және білім беру әдебиеттері" аталымында - 8 жеңімпаз, ал, "Білім, денсаулық, үндестік" аталымында - 4 жеңімпаздың жобалары үздік деп танылды.
Қатысушылардың айтуынша, жәрмеңке тағы да бір рет өзінің мақсатын қуаттады.