Алматыда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Наурыздың 18-19 күндері Алматыда «Қоғамның интеллектуалын қалыптастырушылар: білім мен жаңа технологиялар» атты әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өтеді,

Алматыда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ҚР тұңғыш Президентінің қоры мен Халықаралық жаңа саясат институты ұйымдастырады. Шараның мақсаты - азаматтық қоғам мен оның институттарын нығайту, әлеуметтік маңызды проблемалардың шешілуіне ықпал жасау, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көрсету, арттыру, ең үздік интеллектуалдық жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі. Жәрмеңке «Білім саласын инновациялық дамыту», «Білім және қоғам», «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық технологиялар», «Білім, ғылым және өндіріс», «Ерекше балаларды білім саласында қолдау», «Оқу-әдістемелік білім әдебиеті», «Білім-денсаулық,үйлесімділік» аталымдары бойынша өтеді.

Жеңімпаздарға арнаулы гранттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.