Алматыда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді (ФОТО)

Өзінің алғы сөзінде ол бүгінде Алматыда бұл салада 2,5 мыңдай әлеуметтік жұмыскер еңбек ететіндігін атап өтті.
«Бұл мереке - өмірін мұқтаж жандарға көмек көрсететін жандарға арналған. Сіздердің жұмыстарыңыз күрделі. Бұған аса шыдамдылық, білім, тәжірибе және ерекше дағды қажет. Бұл мамандық көпшілігіңіз үшін өмірлік кәсіпке айналды. Елбасы өзінің "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы қаланғандығын, әлеуметтік дамуда республикамыздың жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігін атап өтті. Елімізде әлеуметтік қорғау моделі жасалды. Ол базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және әлеуметтік көмек көрсету бағыттарын қамтиды», - деді Б. Байбек.
Сонымен қатар, қала басшысы бүгінде Алматыда бір Жұмыспен қамту орталығы және 9 медициналық-әлеуметтік мекемелер қызмет көрсететіндігін айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтің 40-қа жуық түрі көрсетіледі. Бұл салаға қала бюджетінен жыл сайын 7 млрд. астам теңге бөлінеді.
Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова да әлеуметтік жұмыскерлерді өздерінің төл мерекелерімен құттықтап, оларға табыстар тіледі.
Осыдан кейін Б. Байбек пен С. Жақыпова бірқатар әлеуметтік жұмыскерлерді ведомстволық марапаттармен - «Әлеуметтік-еңбек саласының озаты» төсбелгісімен, ҚР ДСӘДМ мақтау қағаздарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Айта кетелік, елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде тойланады.
Алматыда әлеуметтік қорғау жұмыстары төрт мекемемен - Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері - Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қалалық филиалымен жүзеге асырылады.