Алматыда әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қорына 10 млрд теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қорына 10 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алматыда дәрі-дәрмектер мен медициналық маңызы бар бұйымдар бойынша тұрақтандыру қоры құрылды. Оған жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, бұл 2021 жылдың ақпанына дейін өнімнің 69 атауының қажетті қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді»,– деді Қ. Әбдіжаббарова.

Оның айтуынша, аталған қордың басты мақсаты - әлеуметтік сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен жеке дәріханалар мен стационарларды қамтамасыз ету.

«Тұрақтандыру қорының шеңберінде стационарлық емдеу нысандарын қамтамасыз ету үшін медициналық құралдардың жалпы қоры белгілеген тарифтер бойынша 5 млрд теңге қарастырылды, оның 2,9 млрд теңгесі жұқпалы аурулар және провизорлық стационарлар, 893 млн теңгесі – емхана желісі үшін препараттар сатып алуға жолданатын болады. Қалған 1,2 млрд теңгеге медицина қызметкерлері және басқа да аса көп сұранысқа ие стационарлық препараттар үшін жеке қорғаныс құралдарының қорлары қалыптастырылатын болады», - деп қорытындылады Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова.


Соңғы жаңалықтар