Алматыда алғаш рет ашық аспан астында кино туындыларындағы үздік әуендер орындалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазақ және кеңес кезеңі мен әлем кинематографиясындағы үздік әуендер оркестрлер фестивалінде орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып. 
None
None

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында ашық аспан астындағы Оркестрлер фестивалі 8-9 қыркүйек күндері шымылдығын ашады. Республика сарайы алдындағы Абай алаңында, ашық аспан астында өтетін «Оркестрлер фестивалін» Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі ашады.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, музыка мерекесінің алғашқы күні дирижер Әли Демегенұлы Алпысбаев жетекшілік ететін Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді. Бұл күні әлемнің және қазақтың ұлы композиторларының композициялары, сондай-ақ, әлем халықтарының музыкалық шығармалары орындалады.       

Фестивальдің екінші күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін мыңдаған тыңдарман жүрегінен орын алған қазақ және кеңес дәуірі мен әлем кинематографиясындағы танымал, үздік әуендер орындалады.

Композицияларды Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қанат Ахметов жетекшілік ететін ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі сүйемелдейді.

Соңғы жаңалықтар